![background image](https://i.helpdoc.net/Nokia 6600i slide/kk/Nokia 6600i slide_kk040.png)
Бағдарламаларды компьютер арқылы
жаңарту
Бағдарламаларды жаңарту құрылғыны
сатып алған кезде болмаған жаңа
мүмкіндіктер мен кеңейтілген
функцияларды қамтуы мүмкін.
Сонымен қатар, бағдарламаны
жаңарту құрылғының өнімділігін
жақсартуы мүмкін.
Nokia Software Updater құрылғының
бағдарламасын жаңартуға мүмкіндік
беретін компьютер бағдарламасы
болып табылады. Құрылғының
бағдарламаларын жаңарту үшін
үйлесімді компьютер, кең жолақты
Интернетке кіру мүмкіндігі және
құрылғыны компьютерге жалғау үшін
үйлесімді USB кабелі қажет.
Қосымша ақпарат алу, бағдарламаның
соңғы шыққан нұсқасы туралы
мәлімдемелерді тексеру үшін және
Nokia Software Updater бағдарламасын
жүктеп алу үшін, www.nokia.com/
softwareupdate немесе жергілікті Nokia
сайтын қараңыз.
Құрылғының бағдарламасын жаңарту
үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1 Nokia Software Updater
бағдарламасын компьютеріңізге
жүктеп алып, орнатыңыз.
2 Құрылғыны компьютерге USB
кабелі арқылы жалғап, Nokia
Software Updater бағдарламасын
ашыңыз. Nokia Software Updater
файлдардың сақтық көшірмесін
жасау, бағдарламаларды жаңарту
және файлдарды қалпына келтіру
бойынша нұсқау береді.