Nokia 6600i slide - Желі қызметтері

background image

Желі қызметтері
Телефонды пайдалану үшін сымсыз

байланыс провайдерінің қызметін

пайдалану қажет. Мүмкіншіліктердің

көпшілігі арнайы желі мүмкіндіктерінің

болуын талап етеді. Бұл мүмкіндіктер

желілердің барлығында бола

бермейді; ал басқа желілер сіз желі

қызметтерін пайдаланбастан бұрын

қызмет ұсынушыңызбен арнайы

келісім жасауыңызды талап етеді.

Қызмет ұсынушыңыз сізге нұсқаулар

беріп, қандай тариф қолданылатынын

түсіндіреді. Кейбір желілерде сіздің

желі қызметтерін пайдалануыңызға

шектеулер қойылуы мүмкін. Мысалы,

кейбір желілерде барлық тілге тәуелді

таңбалар мен қызметтер бола бермеуі

мүмкін.

Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы

кейбір мүмкіндіктердің

пайдаланылуын тоқтатып, іске

қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай

жағдайда бұл мүмкіндіктер

құрылғының мәзірінде көрсетілмейді.

Сіздің құрылғыңызда мәзір

атауларының, мәзір реттілігі мен

белгішелердің өзгертілуі сияқты

арнайы конфигурация болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін қызмет

ұсынушыға хабарласыңыз.