![background image](https://i.helpdoc.net/Nokia 6600i slide/kk/Nokia 6600i slide_kk034.png)
Карталар мен GPS
Сіз Ғаламдық Орналасқан жерді табу
жүйесін (GPS) Карталар
бағдарламасын қолдау үшін
пайдалана аласыз. Тұрған жеріңізді
анықтаңыз немесе қашықтық пен
баратын жолды өлшеңіз.
Телефоныңыздағы GPS функциясын
пайдаланбас бұрын, сіз алдымен
Bluetooth сымсыз технологиясы
арқылы телефоныңызды үйлесімді
сыртқы GPS қабылдаушысымен
жұптастыруыңыз тиіс. Толығырақ
ақпаратты өзіңіздегі GPS
құрылғысының пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
Bluetooth GPS құрылғысын
телефоныңызбен жұптастырғаннан
кейін телефон ағымды орынды
анықтағанша бірнеше минут өтуі
мүмкін. Келесі байланыс жылдамырақ
болуы тиіс, бірақ сіз GPS бірнеше күн
бойы пайдаланбасаңыз немесе сіз оны
соңғы рет пайдаланған жерден алыста
болсаңыз, орныңызды анықтап,
көрсету үшін бірнеше минут жұмсалуы
мүмкін.